Бастөбе ауылдық округінің Жылыбұлақ ауылындағы Қабанбай, Молдағұлова, Мир көшелерінің № 5 отарына шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Алматы облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 56 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 19 желтоқсанда № 4963 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 27 қарашадағы № 14 ұсынысының негізінде, Бастөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратал ауданының Бастөбе ауылдық округінің Жылыбұлақ ауылы Қабанбай, Молдағұлова, Мир көшелерінің № 5 отарында ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Бастөбе ауылдық округі әкімінің "Бастөбе ауылдық округінің Жылыбұлақ ауылындағы Қабанбай, Молдағұлова, Мир көшелерінің № 5 отарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2018 жылғы 4 қыркүйектегі №41 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4820 тіркелген, 2018 жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімін орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бастөбе ауылдық округінің әкімі Э. Ким

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады