Бастөбе ауылдық округінің Жылыбұлақ ауылындағы Қабанбай, Молдағұлова, Мир көшелерінің № 5 отарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 41 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 7 қыркүйекте № 4820 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 56 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің 12.12.2018 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 7 ұсынысының негізінде, Бастөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратал ауданының Бастөбе ауылдық округінің Жылыбұлақ ауылындағы Қабанбай, Молдағұлова, Мир көшелерінің № 5 отарында ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімін орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бастөбе ауылдық округінің әкімі Э. Ким

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады