"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ аудандық мәслихатының "Кербұлақ ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 03-22 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3849 тіркелген, 2016 жылдың 3 шілдесінде аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Иманбаев Амангельды Турысбековичқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
сессия төрағасы | К. Толыбаев |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Б. Рысбеков |