Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы Басши ауылдық округі әкімінің 28.05.2018 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Кербұлақ ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 9 қаңтарындағы № 15-14-001 ұсынысының негізінде, Басши ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ ауданының Басши ауылдық округінің Нұрым ауылының аумағынан құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Т. Бекмурза |