"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Кербұлақ ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 15-14-034 ұсынысының негізінде, Басши ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ ауданының Басши ауылдық округінің Нұрым ауылының аумағында құтырық ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Кербұлақ ауданының Басши ауылдық округі әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2018 жылғы 28 ақпандағы № 9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4534 тіркелген, 2018 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Т. Бекмурза |