Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Басши ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 9 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6 наурызда № 4534 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы Басши ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы Басши ауылдық округі әкімінің 28.05.2018 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Кербұлақ ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 9 қаңтарындағы № 15-14-001 ұсынысының негізінде, Басши ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кербұлақ ауданының Басши ауылдық округінің Нұрым ауылының аумағынан құтырық ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Т. Бекмурза

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады