Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 27.12.2019 № 295 қаулысымен (тiркелген күннен бастап күшiне енедi және қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жамбыл облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 маусымдағы №122 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3485 болып тіркелген, 2017 жылдың 27 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жамбыл облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесі осы қаулының қосымшасына (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Облыс әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Жамбыл облысы бойынша
департаментінің бастығы
____________ Ч. Самақов
"18" наурыз 2018 жыл
Жамбыл облысының
Ішкі істер департаментінің
бастығы
____________ Т. Маткенов
"19" наурыз 2018 жыл
РҚАО-ның ескертпесесі. "Қызмет бабында пайдалану үшін" грифімен қаулының қосымша "Заң" ДБ-на енгізілмейді.