Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 27.12.2019 № 295 қаулысымен (тiркелген күннен бастап күшiне енедi және қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесі осы қаулының қосымшасына (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес бекітілсін.
2. Облыс әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Орынбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Жамбыл облысы бойынша
департаментінің бастығы
Ч. Самақов
25 сәуір 2017 жыл
Жамбыл облысының
Ішкі істер департаментінің
бастығы
Т. Маткенов
25 сәуір 2017 жыл
РҚАО-ның ескертпесесі. "Қызмет бабында пайдалану үшін" грифімен қаулының қосымша "Заң" ДБ-на енгізілмейді.Ескерту. Жамбыл облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесі (қызмет бабында пайдалану үшін) жаңа редакцияда - Жамбыл облысы әкімдігінің 14.03.2018 № 36 (мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.