Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 295 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 31 желтоқсанда № 4485 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Облыс әкімі аппаратының терроризмге қарсы қызметті үйлестіру бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мырзахметов

      "Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы жобасына КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

      Жамбыл облысы бойынша

      департаментінің бастығы

      _________________ Ч. Самақов

      " " ____________ 2019 жыл

      Жамбыл облысы полиция

      департаментінің бастығы

      ________________ А. Оразалиев

      " " ____________ 2019 жыл

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы "27" желтоқсандағы
№ 295 қаулысына қосымша

Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Жамбыл облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 122 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3485 болып тіркелген, 2017 жылдың 24 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      2. "Жамбыл облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 122 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 36 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3778 болып тіркелген, 2018 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Жамбыл облысының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 122 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 64 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4155 болып тіркелген, 2019 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады