Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылдық округі әкімінің 21.02.2019 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1, 27 баптарына сәйкес және Қордай ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 02/83 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Отар ауылдық округінің Отар ауылы Ноғайбай және Б. Момышұлы көшелерінің аумағында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Отар ауылы Ноғайбай және Б. Момышұлы көшелерінің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бахберген Дауталинге жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімінің | |
міндетін атқарушы | А. Меирханова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министірлігі
Жамбыл облысы Ішкі Істер департаментінің
Қордай аудандының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы _________ А. Айхимбеков
"08" қараша 2018 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
"Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің
Қордай аудандық аумақтық инспекциясының" басшысы
__________ С. Баеков
"08" қараша 2018 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
қоғамдық денсаулық сактау комитетінің Жамбыл облыстық
қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Қордай аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
___________ М. Саулебаев
"08" қараша 2018 жыл