Шектеу іс шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 5 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 ақпанда № 4121 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті меммлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қордай ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық инспекторының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 02/262 ұсынысы негізінде, Отар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Отар ауылдық округінің Отар ауылы Ноғайбай және Б. Момышұлы көшелерінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринарлық режим белгілеу туралы" Отар ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 8 қарашадағы № 64 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3980 болып тіркелген, Қазакстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды электронды түрде 2018 жылдың 23 қарашасында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бахберген Дауталинге жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімінің
      міндетін атқарушы А. Меирханова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің

      Қордай аудандық аумақтық инспекциясынның" басшысы

      _________ С. Баеков

      "___" _________ 2019 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің

      қоғамдық денсаулық сақтау комиетінің Жамбыл облыстық

      қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Қордай аудандық

      қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

      ________________М. Саулебаев

      "___" _________ 2019 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі

      Жамбыл облысы Полиция департаментінің

      Қордай ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік

      мекемсінің басшысы

      ________________ А. Айхимбеков

      "___" _________ 2019 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады