РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" , Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 8 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Түркістан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округі Әшір Бүркітбаев ауылындағы "Октябрьдың 50-жылдығы" көшесі "Түркістан" көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түркістан ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы Ж.Б. Арыстанбековке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Д. Борсықов |