Түркістан ауылдық округінің Әшір Бүркітбаев ауылындағы "Октябрьдың 50-жылдығы" көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 18 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 4071 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" , Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 8 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Түркістан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округі Әшір Бүркітбаев ауылындағы "Октябрьдың 50-жылдығы" көшесі "Түркістан" көшесі болып өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түркістан ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы Ж.Б. Арыстанбековке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Д. Борсықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады