Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қарағанды облыстық мәслихаты, ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік зат тегін босатылатын азаматтардың жеке санаттарына қосымша берілсін: келесі диагнозбен азаматтарға дәрілік зат (рецепт бойынша): "Онкология" - дәрілік зат "Кризотиниб", "Идиопатиялық өкпелік фиброз" - дәрілік зат "Пирфенидон".
2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.М. Әдекенов).
3. Шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы | М. Ибатов |
Облыстық мәслихат хатшысы | С. Өтешов |