Дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы ХIV сессиясының № 289 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 сәуірде № 4678 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 553 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 02.07.2020 № 553 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қарағанды облыстық мәслихаты, ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік зат тегін босатылатын азаматтардың жеке санаттарына қосымша берілсін: келесі диагнозбен азаматтарға дәрілік зат (рецепт бойынша): "Онкология" - дәрілік зат "Кризотиниб", "Идиопатиялық өкпелік фиброз" - дәрілік зат "Пирфенидон".

      2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (С.М. Әдекенов).

      3. Шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы М. Ибатов
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Өтешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады