Шахтинск өңірінің аумағында салық салудың кейбір мәселелері туралы

Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы VI шақырылған XXII кезектен тыс сессиясының № 1519/22 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 шілдеде № 4868 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 1 қосымшаға сәйкес автотұрақтардың (паркингтердің) санаты бекітілсін.

      2. 2 қосымшаға сәйкес автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген елді мекендердегі жерлерге арналған салық ставкаларын ұлғайту мөлшерін бекітсін.

      3. Шахтинск аймағына жататын автожанармай құю станциялары, автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықтың базалық мөлшерлемесін қолдану үшін жақын мандағы елді мекен ретінде Шахтинск қаласы айқындалсын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
мәслихат хатшысы
Ж. Мамерханова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарағанды облысы бойынша
      Мемлекеттік кірістер Департаменті
      Шахтинск қаласы бойынша
      мемлекеттік кірістер басқармасы"
      республикалық мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      А. Орынбеков

      2018 жылғы 29 маусым

  Шахтинск қалалық мәслихатының
2018 жылғы 29 маусымдағы
кезектен тыс XXII сессиясының
№ 1519/22 шешiмiне 1 қосымша

Шахтинск аймағы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаты

N р/с

Автотұрақтардың түрі

Санаты

1

Жер үстіндегі жабық автотұрақтар, ашық түрдегі автотұрақтар. Басқа мақсаттағы ғимараттарға салынған автотұрақтар, басқа мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас автотұрақтар

1 санат

2

Жер астындағы, жер төледегі, шығыңқы ірге немесе төменгі жер үсті қабатында орналасқан автотұрақтар

2 санат

  Шахтинск қалалық мәслихатының
2018 жылғы 29 маусымдағы
кезектен тыс XXII сессиясының
№ 1519/22 шешiмiне 2 қосымша

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген елді мекендердегі жерлерге арналған салық ставкаларын ұлғайту мөлшері

N р/с

Автотұрақтардың санаты

Мөлшерлеме

1

1 санат

10 есе

2

2 санат

9 есе


О некоторых вопросах налогообложения на территории Шахтинского региона

Решение внеочередной XXII сессии VI созыва Шахтинского городского маслихата Карагандинской области от 29 июня 2018 года № 1519/22. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 12 июля 2018 года № 4868

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" и статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить категории автостоянок (паркингов), согласно приложению 1.

      2. Установить размеры увеличения ставок налога на земли населенных пунктов, выделенные под автостоянки (паркинги), согласно приложению 2.

      3. Для применения базовых ставок налога на земли других категорий, выделенные под автостоянки (паркинги), автозаправочные станции, относящиеся к Шахтинскому региону, близлежащим населенным пунктам определить город Шахтинск.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии,
Секретарь маслихата
Ж. Мамерханова

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель
      республиканского государственного
      учреждения "Управление государственных
      доходов по городу Шахтинску
      Департамента государственных
      доходов по Карагандинской области"
      А. Орынбеков

      29 июня 2018 года

  Приложение 1
к решению внеочередной XХII сессии
Шахтинского городского маслихата
от 29 июня 2018 года № 1519/22

Категории автостоянок (паркингов) по Шахтинскому региону

N п/п

Виды автостоянок

Категории

1

Надземные автостоянки закрытого типа, автостоянки открытого типа. Автостоянки, пристраиваемые к зданиям другого назначения, автостоянки, встроенные в здания другого назначения

1 категория

2

Автостоянки, расположенные под зданиями в подземных, подвальных, цокольных или в нижних надземных этажах

2 категория

  Приложение 2
к решению внеочередной XХII сессии
Шахтинского городского маслихата
от 29 июня 2018 года № 1519/22

Размеры увеличения ставок налога на земли населенных пунктов, выделенные под автостоянки (паркинги)

N п/п

Категории автостоянок

Ставки

1

1 категория

в 10 раз

2

2 категория

в 9 раз