Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 1 қосымшаға сәйкес автотұрақтардың (паркингтердің) санаты бекітілсін.
2. 2 қосымшаға сәйкес автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген елді мекендердегі жерлерге арналған салық ставкаларын ұлғайту мөлшерін бекітсін.
3. Шахтинск аймағына жататын автожанармай құю станциялары, автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықтың базалық мөлшерлемесін қолдану үшін жақын мандағы елді мекен ретінде Шахтинск қаласы айқындалсын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы |
Ж. Мамерханова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарағанды облысы бойынша |
Мемлекеттік кірістер Департаменті |
Шахтинск қаласы бойынша |
мемлекеттік кірістер басқармасы" |
республикалық мемлекеттік мекемесінің |
басшысы |
А. Орынбеков |
2018 жылғы 29 маусым
Шахтинск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы кезектен тыс XXII сессиясының № 1519/22 шешiмiне 1 қосымша |
Шахтинск аймағы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаты
N р/с | Автотұрақтардың түрі | Санаты |
1 | Жер үстіндегі жабық автотұрақтар, ашық түрдегі автотұрақтар. Басқа мақсаттағы ғимараттарға салынған автотұрақтар, басқа мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас автотұрақтар | 1 санат |
2 | Жер астындағы, жер төледегі, шығыңқы ірге немесе төменгі жер үсті қабатында орналасқан автотұрақтар | 2 санат |
Шахтинск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы кезектен тыс XXII сессиясының № 1519/22 шешiмiне 2 қосымша |
Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген елді мекендердегі жерлерге арналған салық ставкаларын ұлғайту мөлшері
N р/с | Автотұрақтардың санаты | Мөлшерлеме |
1 | 1 санат | 10 есе |
2 | 2 санат | 9 есе |