Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Қарағанды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарағанды ауылдық округі, Жартас ауылындағы көшелер келесідей болып қайта аталсын:
1) Промкомбинат көшесін Тәуелсіздік көшесіне;
2) Дружба көшесін Достық көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды ауылдық округінің әкімі | К. Жабагин |