Жартас ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданы Қарағанды ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 наурызда № 4642 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, Қарағанды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарағанды ауылдық округі, Жартас ауылындағы көшелер келесідей болып қайта аталсын:

      1) Промкомбинат көшесін Тәуелсіздік көшесіне;

      2) Дружба көшесін Достық көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды ауылдық округінің әкімі К. Жабагин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады