Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2) тармағы негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Абай ауданы Юбилейное ауылындағы көшелер келесідей қайта аталсын:
Мира көшесі Бейбітшілік көшесіне;
Механизаторов көшесі Ынтымақ көшесіне;
Зеленый көшесі Жасыл ел көшесіне;
Молодежная көшесі Жастар көшесіне;
Целинная көшесі және Подстанция көшесі Шаңырақ көшесіне;
Школьная көшесі Мектеп көшесіне.
2. Қарағанды облысы Абай ауданы Юбилейное ауылындағы келесі көшелер атауының транскрипциясы өзгертілсін:
Амангельды көшесі Амангелді Иманов көшесіне;
Гагарина көшесі Юрий Гагарин көшесіне;
Абая көшесі Абай көшесіне;
Казахстанская көшесі Қазақстан көшесіне.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Юбилейное ауылының әкімі | Байтурсынов Е.Х. |