Юбилейное ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданы Юбилейное ауылының әкімінің 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 2 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 қазанда № 4964 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2) тармағы негізінде және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды облысы Абай ауданы Юбилейное ауылындағы көшелер келесідей қайта аталсын:

      Мира көшесі Бейбітшілік көшесіне;

      Механизаторов көшесі Ынтымақ көшесіне;

      Зеленый көшесі Жасыл ел көшесіне;

      Молодежная көшесі Жастар көшесіне;

      Целинная көшесі және Подстанция көшесі Шаңырақ көшесіне;

      Школьная көшесі Мектеп көшесіне.

      2. Қарағанды облысы Абай ауданы Юбилейное ауылындағы келесі көшелер атауының транскрипциясы өзгертілсін:

      Амангельды көшесі Амангелді Иманов көшесіне;

      Гагарина көшесі Юрий Гагарин көшесіне;

      Абая көшесі Абай көшесіне;

      Казахстанская көшесі Қазақстан көшесіне.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Юбилейное ауылының әкімі Байтурсынов Е.Х.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады