Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.06.2020 № 405 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 546 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Бакиров |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Әбеуов |
"КЕЛІСІЛДІ":
Ақтоғай ауданы бойынша | |
мемлекеттік кірістер | |
басқармасының басшысы | А.Түсіпбеков |
18 сәуір 2018 жыл
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі 22 сессиясының № 199 шешіміне қосымша |
Тіркелген салықтың мөлшерлемелері
№ | Салық салу обьектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіштермен) |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2. | Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4. | Ойын жолы | 5 |
5. | Карт | 2 |
6. | Бильярд үстелі | 3 |
7. | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 10 |