Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі 22 сессиясының № 199 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 мамырда № 4749 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 405 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 24.06.2020 № 405 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 546 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Бакиров
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Әбеуов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Ақтоғай ауданы бойынша
      мемлекеттік кірістер
      басқармасының басшысы А.Түсіпбеков

      18 сәуір 2018 жыл

  Ақтоғай аудандық мәслихатының
2018 жылғы 18 сәуірдегі
22 сессиясының № 199 шешіміне
қосымша

Тіркелген салықтың мөлшерлемелері

Салық салу обьектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіштермен)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Біреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3

7.

Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады