Ақтоғай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 405 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 шілдеде № 5919 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтоғай аудандық маслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Кулымжанов
      Aудандық мәслихат хатшысы Р. Абеуов

  Ақтоғай аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 24
маусымы
№ 405
шешіміне қосымша

Ақтоғай аудандық мәслихатының кейбір күшін жойған шешімдері

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 18 сессиясының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы "Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілгендерге бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы" № 191 шешімі (Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 желтоқсанда № 8-10-95 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 желтоқсанда аудандық "Тоқырауын тынысы" № 51-52 (7218) газетінде жарияланған);

      2. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі 6 сессиясының "Ақтоғай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 61 шешімі (Қарағанды облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 қазанда № 3981 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 қазанда аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінде №43 (7569), "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 09 қарашада жарияланған);

      3. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі 22 сессиясының "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 199 шешімі (Қарағанды облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 мамырда № 4749 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 мамырда аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінің № 21 (7651), 2018 жылғы 11 мамырда Электрондық түрде ҚР НҚА эталондық бақылау банкіде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады