Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Новоузенка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Новоузенка ауылындағы Степная көшесінің атауы – Достық көшесі болып, Новоузенка ауылындағы Атасуйская көшесінің транскрипциясы – Атасу көшесі деп өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М.М. Сыздыков |