Новоузенка ауылдық округінің елді мекендерінің құрамдас бөлiктерi туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жаңаөзен ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 желтоқсанда № 5036 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Новоузенка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Новоузенка ауылындағы Степная көшесінің атауы – Достық көшесі болып, Новоузенка ауылындағы Атасуйская көшесінің транскрипциясы – Атасу көшесі деп өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім М.М. Сыздыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады