Баймырза ауылдық округінде көшелерді қайта атау туралы

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Баймырза ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 6 тамыздағы № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 тамызда № 4910 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Баймырза ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Баймырза ауылындағы Ленин көшесі - Абай Құнанбаев көшесі болып, Баймырза ауылындағы Калинин көшесі - Бауыржан Момышұлы көшесі болып, Баймырза ауылындағы Асфальтная көшесі - Алаш көшесі болып, Баймырза ауылындағы Мира көшесі - Әлия Молдағұлова көшесі болып, Баймырза ауылындағы Фабричная көшесі - Дінмұхамед Қонаев көшесі болып, Баймырза ауылындағы Набережная көшесі - Ахмет Байтұрсынов көшесі болып, Баймырза ауылындағы Новая көшесі - Болашақ көшесі болып, Баймырза ауылындағы Юбилейная көшесі - Рақымжан Қошқарбаев көшесі болып, Баймырза ауылындағы Молодежная көшесі - Жастар көшесі болып, Баймырза ауылындағы Клубная көшесі - Тәуелсіздік көшесі болып, Баймырза ауылындағы Ленина 1 тұйық көшесі - Әкімшілік көшесі болып, Баймырза ауылындағы Ленина 2 тұйық көшесі - Достық көшесі болып, Баймырза ауылындағы Ленина 3 тұйық көшесі - Бірлік көшесі болып, Баймырза ауылындағы 50 лет СССР көшесі - Әлихан Бөкейханов көшесі болып, Баймырза ауылындағы Степная көшесі - Нұр көшесі болып, Астаховка ауылындағы Нижняя көшесі - Еңбек көшесі болып, Астаховка ауылындағы Верхняя көшесі - Бейбітшілік көшесі болып аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Баймырза ауылдық округінің әкімі С. Ахмедин

О переименовании улиц в сельском округе Баймырза

Решение акима сельского округа Баймырза Бухар-Жырауского района Карагандинской области от 6 августа 2018 года № 3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 28 августа 2018 года № 4910

      Руководствуясь подпунктом 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно–территориальном устройстве Республики Казахстан", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и учитывая мнение жителей, аким сельского округа Баймырза РЕШИЛ:

      1. Переименовать улицу Ленина села Баймырза - на улицу Абай Құнанбаева, улицу Калинина села Баймырза - на улицу Бауыржан Момышұлы, улицу Асфальтная села Баймырза - на улицу Алаш, улицу Мира села Баймырза - на улицу Әлия Молдағұлова, улицу Фабричная села Баймырза - на улицу Дінмұхамеда Қонаева, улицу Набережная села Баймырза - на улицу Ахмета Байтұрсынова, улицу Новая села Баймырза - на улицу Болашақ, улицу Юбилейная села Баймырза - на улицу Рақымжан Қошқарбаев, улицу Молодежная села Баймырза - на улицу Жастар, улицу Клубная села Баймырза -на улицу Тәуелсіздік, улицу переулок Ленина 1 села Баймырза - на улицу Әкімшілік, улицу переулок Ленина 2 села Баймырза - на улицу Достық, улицу переулок Ленина 3 села Баймырза - на улицу Бірлік, улицу 50 лет СССР села Баймырза - на улицу Әлихана Бөкейханова, улицу Степная села Баймырза - на улицу Нұр, улицу Нижняя села Астаховка - на улицу Еңбек, улицу Верхняя села Астаховка - на улицу Бейбітшілік.

      2. Контроль за исполнением данного решения оставляю за собой.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования.

      Аким сельского округа Баймырза С. Ахмедин