Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Баймырза ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Баймырза ауылындағы Ленин көшесі - Абай Құнанбаев көшесі болып, Баймырза ауылындағы Калинин көшесі - Бауыржан Момышұлы көшесі болып, Баймырза ауылындағы Асфальтная көшесі - Алаш көшесі болып, Баймырза ауылындағы Мира көшесі - Әлия Молдағұлова көшесі болып, Баймырза ауылындағы Фабричная көшесі - Дінмұхамед Қонаев көшесі болып, Баймырза ауылындағы Набережная көшесі - Ахмет Байтұрсынов көшесі болып, Баймырза ауылындағы Новая көшесі - Болашақ көшесі болып, Баймырза ауылындағы Юбилейная көшесі - Рақымжан Қошқарбаев көшесі болып, Баймырза ауылындағы Молодежная көшесі - Жастар көшесі болып, Баймырза ауылындағы Клубная көшесі - Тәуелсіздік көшесі болып, Баймырза ауылындағы Ленина 1 тұйық көшесі - Әкімшілік көшесі болып, Баймырза ауылындағы Ленина 2 тұйық көшесі - Достық көшесі болып, Баймырза ауылындағы Ленина 3 тұйық көшесі - Бірлік көшесі болып, Баймырза ауылындағы 50 лет СССР көшесі - Әлихан Бөкейханов көшесі болып, Баймырза ауылындағы Степная көшесі - Нұр көшесі болып, Астаховка ауылындағы Нижняя көшесі - Еңбек көшесі болып, Астаховка ауылындағы Верхняя көшесі - Бейбітшілік көшесі болып аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Баймырза ауылдық округінің әкімі | С. Ахмедин |