Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 18.06.2020 № VI-57/487 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңдарына сәйкес Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТI:
1. Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жылына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Дюсембаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Нуркенов |