Қарқаралы ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 маусымдағы XXIX сессиясының № VI-29/263 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 шілдеде № 4860 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 ақпандағы № VII-15/122 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 24.02.2022 № VII-15/122 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарқаралы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қарқаралы ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.

      2. 01.01.2020 дейін қолданыста болды - Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 21.06.2018 № VI-29/263 шешімімен.

      3. Осы шешімнің 2-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Бейсенбеков
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Нуркенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігінің Мемлекеттік
      кірістер комитеті Қарағанды облысы
      бойынша Мемлекеттік кірістер
      департаментінің Қарқаралы ауданы
      бойынша Мемлекеттік кірістер
      басқармасы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Г. Бейсенбаев

      2018 жылғы 21 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қарқаралы ауданының жер
      қатынастары, сәулет және қала
      құрылысы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      А. Наушабаев

      2018 жылғы 21 маусым

О повышении базовых ставок земельного налога и ставок единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Каркаралинскому району

Решение XXIX сессии Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 21 июня 2018 года № VI-29/263. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 11 июля 2018 года № 4860. Утратило силу решением Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 24 февраля 2022 года № VII-15/122

      Сноска. Утратило силу решением Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 24.02.2022 № VII-15/122 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)" и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", Каркаралинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Повысить базовые ставки земельного налога в десять раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения по Каркаралинскому району.

      2. Действовал до 01.01.2020 в соответствии с решением Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 21.06.2018 № VI-29/263.

      3. Установить, что пункт 2 настоящего решения действует до 1 января 2020 года.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии А. Бейсенбеков
      Секретарь районного маслихата С. Нуркенов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель республиканского
      государственного учреждения "Управление
      государственных доходов по
      Каркаралинскому району Департамента
      государственных доходов по
      Карагандинской области Комитета
      государственных доходов Министерства
      финансов Республики Казахстан"
      Г. Бейсенбаев

      21 июня 2018 года

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель
      государственного учреждения
      "Отдел земельных отношений,
      архитектуры и градостроительства
      Каркарлинского района"
      А.Наушабаев

      21 июня 2018 года