Қарқаралы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 ақпандағы № VII-15/122 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 наурызда № 27017 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Қарқаралы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қарқаралы ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 21 қарашадағы № 33/282 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2867 болып тіркелген);

      2) "Қарқаралы ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттырылуы туралы" 2018 жылғы 21 маусымдағы № VI-29/263 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4860 болып тіркелген).

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы С. Нуркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады