Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Қарқаралы ауданының мәслихатының 2015 жылғы 5 қарашадағы XХХХII сессиясының № 42/379 "Қарқаралы ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3532 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 15 желтоқсанда, 2015 жылғы 19 желтоқсанда "Қарқаралы" газетінің № 101-102 (11432) санында жарияланған) шешімі;
2) Қарқаралы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 қаңтардағы XLV сессиясының № 45/404 "Қарқаралы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 қарашадағы XXXXII сессиясының № 42/379 "Қарқаралы ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3649 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 ақпанда "Қарқаралы" газетінің № 13-14 (11448) санында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 22 ақпанда жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Бейсенбеков |
Аудандық мәслихат хатшысы | С. Нуркенов |