Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 7 ақпандағы қорытындысына сәйкес, Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округінің көшелері:
1) Октябрь көшесін - Бірлік көшесіне;
2) Мир көшесін - Тәуелсіздік көшесіне;
3) Ленин көшесін - Сарыарқа көшесіне;
4) Советская көшесін – Алаш көшесіне;
5) Ярморачная көшесін – Жәрмеңке көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қоянды ауылдық округінің әкімі | Р. Тактанов |