Көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 қазанда № 4972 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 7 ақпандағы қорытындысына сәйкес, Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарқаралы ауданы Қоянды ауылдық округінің көшелері:

      1) Октябрь көшесін - Бірлік көшесіне;

      2) Мир көшесін - Тәуелсіздік көшесіне;

      3) Ленин көшесін - Сарыарқа көшесіне;

      4) Советская көшесін – Алаш көшесіне;

      5) Ярморачная көшесін – Жәрмеңке көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қоянды ауылдық округінің әкімі Р. Тактанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады