Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімінің 13.04.2022 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 2018 жылғы 21 тамыздағы № 4 хаттамасы негізінде, Нұра ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Нұра ауданының Тассуат ауылында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Нұра ауданы әкімінің орынбасары М.Д. Тұраров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Омарханов |