Нұра ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 сәуірде № 27700 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Нұра ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 6 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4937 болып тіркелген);

      2) 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 1 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6312 болып тіркелген).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімінің орынбасары М.К. Жумановқа жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұра ауданының әкімі А. Шалмаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады