Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 05.05.2020 № 830 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 376 "Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2788 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қазанда № 42 (7422) "Сельский труженик" газетінде, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 қазанда жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімінің 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін."
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (Бережной В.В).
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Сыздыкова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | К. Саккулаков |
КЕЛІСІЛДІ:
Осакаров ауданының жұмыспен |
қамту және әлеуметтік бағдарламалар |
бөлімінің басшысы |
А. Тулеуова |
2018 жылғы "16" қаңтар