Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 мамырдағы № 830 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 14 мамырда № 5841 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 179 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 24.01.2022 № 179 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Ережесі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. 2-қосымшаға сәйкес Осакаров аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (В.В. Бережной) жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Ревякина
      Осакаров аудандық мәслихатының хатшысы К. Саккулаков

  Осакаров аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 5 мамыры
№ 830
шешіміне 1-қосымша

Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Ережесі

1. Жалпы ереже

      1. Осы Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету туралы тәртібін айқындайды (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау).

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі уәкілетті орган - Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - қызмет беруші);

      2) алушылар - Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандары;

      3) әлеуметтік қолдау көрсету нәтижесі – тағайындау туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту.

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      3. Әлеуметтік қолдау алу үшін алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) қызмет берушіге келесі құжаттарды ұсыну қажет:

      1) еркін нысандағы өтініш;

      2) жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) жұмыс орнынан анықтама;

      4) екінші деңгейдегі банкте немесе банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда дербес шоты бар екенін растайтын құжат.

      4. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:

      1) қызмет алушы осы Ереженің 3-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, қызмет берушімен осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

      2) мәліметтердің дұрыс болмауы немесе өтініш берушімен ұсынған құжаттардың сәйкес келмеуі;

      3) әлеуметтік қолдау алушының лауазымы Осакаров аудан әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы №11/01 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5731 болып тіркелген) азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне сәйкес келмеуі.

      6. Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап әлеуметтік қолдау көрсету нәтижесінің ұсыну мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      7. Әлеуметтік қолдау жылыту маусымы басталған кезеңде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет көрсетіледі.

  Осы Ережеге қосымша
_________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қызмет алушы)
__________________________
(қызмет алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тартады

      Сіздің осы Ережеде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:

      Құжаттардың атауы:

      1) ________________________________________;

      2) ________________________________________;

      3) .............................

      Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

      _______________________________________________________________

      (Бөлім қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Орындаушы:

      ______________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Телефон __________

      Алдым:

      _______________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / қызмет алушының қолы

      20 ____ жылғы "___" _________

  Осакаров аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 5 мамыры
№ 830
Шешіміне 2-қосымша
Осакаров аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізілімі

      1. Осакаров аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі №376 "Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2788 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қазанда № 42 (7422) "Сельский труженик" газетінде, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 27 қазанда жарияланған);

      2. Осакаров аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 589 "Осакаров аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 376 "Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3650 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 ақпанда № 7 (7491) "Сельский труженик" газетінде, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 18 ақпанда жарияланған);

      3. Осакаров аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 404 "Осакаров аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 қыркүйектегі № 376 "Осакаров ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4595 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде 2018 жылғы 07 ақпанда жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады