Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде, Құндызды ауылдық округінің Шұңқыркөл ауылының №1 табыны аумағында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Құндызды ауылдық округінің Шұңқыркөл ауылының №1 табыны аумағында белгіленген шектеу іс – шаралары тоқтатылсын.
2. Осакаров ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 шілдедегі № 49/01 "Құндызды ауылдық округінің Шұңқыркөл ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4877 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 23 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Кобжанов |