Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 27.03.2020 № 37/339 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шет ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына аудандық бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 03.09.2019 № 32/284 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Шет аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы №28/247 "Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3122 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 15 (10531) "Шет Шұғыласы" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 14 мамырында жарияланған), шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Г. Тағаева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Төлеуқұлов |