Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 29.03.2018 № 20/166 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 08.12.2016 № 8/60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шет ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдардың мамандарына аудандық бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін статистика органдарының мәліметтері бойынша 1 (бір) тонна көмірдің бағасы мөлшерінде жылына біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 08.12.2016 № 8/60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Ибраимов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ә. Смағұлұлы |