"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Сүлейменовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы "28" қарашадағы №1271 қаулысына қосымша |
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi,сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi
1. Көтермелеудiң түрлерi
1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен марапаттау;
3) ақшалай сыйақы беру.
2. Көтермелеудiң тәртiбi
2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен қоғамдық тәртiптi қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн қала және аудандардың жергілікті атқарушы органдары құратын комиссиялармен (бұдан әрi - комиссия) қаралады.
3. Комиссияның құрамына қалалық, аудандық жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының,полиция органдарының өкiлдерi енгiзiледi.
4. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi ұсыныстарды комиссияның қарауына қалалық, аудандық полиция органдары ұсынады.
5. Комиссия қабылдаған шешiм –көтермелеу үшiн, ал комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес облыстық, аудандық полиция органдары бастықтарының бұйрықтары - көтермелеуге ақы төлеу үшiн негiз болып табылады.
6. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын облыстық, қалалық, аудандық полиция органдары салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
3. Ақшалай сыйақының мөлшерi
7. Ақшалай сыйақының мөлшерiн комиссия қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге көтермеленетiн адамның қосқан үлесiн және ол немесе оның қатысуымен жолы кесiлген құқыққа қарсы әрекеттiң нәтижесiнде келтiрiлуi мүмкiн залалдың көлемiн ескере отырып белгiлейдi және ол, әдетте, 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.
8. Ақшалай сыйақы төлеудi, көтермелеуге ұсыныс енгiзген облыстық, аудандық полиция органдары облыстық бюджеттің қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
9. Көтермелеуге ақы төлеуге арналған қаражат полиция органдары шығыстарының құрамында жеке бағдарламамен көзделедi.