Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 01.11.2021 № 396 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 09.12.2020 № 148 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 12590 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 09.12.2020 № 148 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. "Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |