Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 1 қарашадағы № 396 қаулысы.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 9 қарашада № 25049 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 және 50-баптарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Г. Абдыкаликова

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2021 жылғы 1 қарашадағы
№ 396 қаулысына қосымша

Қызылорда облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы" 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1308 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6641 болып тіркелген).

      2. "Қызылорда облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 27 тамыздағы № 51 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6908 болып тіркелген).

      3. "Тапсырыс берушілер үшін бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1308 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 148 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7887 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады