"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Арал ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Арал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 249 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 05 қарашасында №5211 болып тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2015 жылғы 11 қарашасындағы №87 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енргізіледі.
Арал аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясының төрағасы |
Б.Прекеев |
Арал аудандық мәслихатының хатшысы | Д.Мадинов |