"Арал ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Арал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі №249 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 137 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 16 наурызда № 6208 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Арал ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Арал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 249 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 05 қарашасында №5211 болып тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2015 жылғы 11 қарашасындағы №87 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енргізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының кезектен
тыс жиырма екінші сессиясының төрағасы
Б.Прекеев
      Арал аудандық мәслихатының хатшысы Д.Мадинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады