Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 07.06.2023 № 92 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қазалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ | М. ЕРГЕШБАЕВ |
Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "10" қаңтардағы № 04 қаулысына қосымша |
Қазалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 16.08.2019 № 124 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
р/с | Елді мекеннің атауы | Орналасатын орны |
1 | Әйтеке би кенті |
1. Қ.Ерімбет көшесі №7 "б", "Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жатақханасының шығыс жағы. |
2 | Қазалы қаласы |
1. Жанқожа батыр көшесі №24, "Талап және К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алды. |
3 | Көларық ауылдық округі, Ақтан батыр ауылы | Ақтан батыр көшесі №3, Көларық ауылдық округі әкімі аппаратының "Ақтан батыр ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының солтүстік жағы |
4 | Сарыкөл ауылдық округі, Абай ауылы | З.Шыраев көшесі №4, Сарыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының "Абай ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының оңтүстік-шығыс жағы |
5 |
Майлыбас ауылдық округі, | Амангелді көшесі №21 үйдің батыс жағы |
6 | Майдакөл ауылдық округі, Бекарыстан би ауылы | Е.Тілеубаев көшесі №8 үйдің солтүстік жағы |
7 | Басықара ауылдық округі, Басықара ауылы | Ү.Түктібаев көшесі №15 үйдің батыс жағы |
8 | Бозкөл ауылдық округі, Бозкөл ауылы | Қ.Өтепбергенов көшесі №25, Бозкөл ауылдық округі әкімі аппаратының "Бозкөл ауылдық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының оңтүстік жағы |
9 | Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы | Тәуелсіздік және Жанқожа батыр көшелерінің қиылысы |
10 | Ғ.Мұратбаев ауылдық округі, Ғ. Мұратбаев ауылы | К.Іскендіров көшесі №1 үйдің батыс жағы |
11 | Қарашеңгел ауылдық округі, Жалаңтөс батыр ауылы |
1. Жалаңтөс батыр көшесі №1 "А" үйдің батыс жағы. |
12 | Арықбалық ауылдық округі, Жанқожа батыр ауылы | Әйтеке би және Достық көшелерінің қиылысы |
13 |
Қызылқұм ауылдық округі, | Ғ.Мұратбаев көшесі №14, Қызылқұм ауылдық округі әкімі аппаратының "Кәукей ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның батыс жағы |
14 | Құмжиек ауылдық округі, Қ.Пірімов ауылы | Т.Ізтілеуов көшесі №50 "Е" үйдің солтүстік жағы |
15 | Аранды ауылдық округі, Қожабақы ауылы | Т.Емешұлы көшесі №28 үйдің солтүстік жағы |
16 | Ақжона ауылдық округі, Майдакөл ауылы | Махамбетжан Жеткербаев көшесі №43 үйдің шығыс жағы |
17 | Өркендеу ауылдық округі, Өркендеу ауылы | Қорқыт Ата көшесі №27 үйдің батыс жағы |
18 | Сарбұлақ ауылдық округі, Сарбұлақ ауылы | Сарбұлақ көшесі №8 үйдің солтүстік жағы |
19 | Тасарық ауылдық округі, Тасарық ауылы | Тасарық көшесі №12 үйдің солтүстік – батыс жағы |
20 | Алға ауылдық округі, Ү.Түктібаев ауылы | Ү.Түктібаев көшесі №8 үйдің шығыс жағы |
21 | Шәкен ауылдық округі, Шәкен ауылы | Шәкен көшесі №14, Шәкен ауылдық округі әкімі аппаратының "Шәкен ауылдық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының шығыс жағы |