Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 07.06.2023 № 92 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 04 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6152 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен белгіленген Қазалы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарындағы 1, 11, 13 және 16-қатарлары жаңа редакцияда жазылсын:
"
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазалы ауданының әкімі | М. Ергешбаев |