"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қармақшы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 сәуірдегі "Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтық базалық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" № 26 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-5-183 нөмірімен тіркелген, аудандық "Қармақшы таңы" газетінің 2012 жылғы 29 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.