Салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 сәуірдегі N 26 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 25 мамырда N 10-5-183 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 қазандағы № 202 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 01.10.2018 № 202 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:

      1. Қармақшы ауданы бойынша айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшерлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық мәслихатының
кезектен тыс 5-сессиясының төрағасы
Н. Пірмантаев
      Қармақшы аудандық мәслихатының
хатшысы
М. Ерманов
     
      КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің
Салық комитеті Қызылорда облысы бойынша салық
департаментінің Қармақшы ауданы бойынша салық
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы
П. Якия
2012 жыл________________

  Аудандық мәслихаттың 2012 жылғы "27" сәуірдегі кезектен тыс 5-сессиясының N 26 шешіміне қосымша

Қармақшы ауданы бойынша айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері:

N р/с

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері
/айлық есептік көрсеткіш/

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

2

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады